АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    d38a920c-d1b6-45ed-98d2-9758785b69e6.jpg


    21-24 мамыр күндері аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ХХІІ-ші қол күрестен Азия чемпионаты болып өтті. Аталмыш байрақты бәсекеге қатысып, бақ сынаған Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжінің ІІ-ші курс студенті Аяулым Хасанова 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өзінің барлық қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Танымал балғын спортшылар арасында ұйымдастырылған спорттық сайыста топ жарған жерлесіміздің осындай биік белесті бағындыруына сүбелі үлесін қосқан, аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Самат Бекмұратовтың еңбегі орасан зор. Әр елден іріктеліп келген кіл мықтылардың арасынан топ жарып дарланған жерлесіміздің бұл жеңісі бәріміздің төбемізді көкке жеткізгендей болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Еңбек күні қарсаңында қазақстандықтар жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасын білдірді
  • В Мангистау состоялась церемония прощания с погибшими военнослужащими
  • Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті