ЖЕРЛЕСІМІЗ «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ»

   8a41029a-243c-4510-ba75-8fc018e4b546.jpg8a41029a-243c-4510-ba75-8fc018e4b546.jpg


     21 мамыр – «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесі. Осынау айтулы күнге орай Астана қаласында өткен мерекелік жиынға аудандық Мәдениет үйінің директоры Фархат Жылгелдиев қатысып, Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаталып, бәрімізді қуанышқа бөледі. Жастайынан өнер жолын таңдап, биік белестерді бағындарған Фархат Әбікенұлының бұл алғашқы марапаты емес. Ол өзінің бойындағы тума талантын сахнамен ұштастырып, актерлық шеберлігін шыңдап, аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бақанас халық» театрының жандануына сүбелі үлесін қосып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген нағыз өнер адамы десек те болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды
  • «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»
  • Әділетті ортаның қалыптасуына әсер етеді
  • ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
  • «Таза Қазақстан: Қалдық заттарға екінші өмір сыйла!»