Балқаш өңірі газеті
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Шарайна
    • Білім көкжиегі
    • Аймақ
    • Құқық
    • Өңір

Басты бет > Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА АРТЫЛАТЫН ҮМІТ ПЕН СЕНІМ МОЛ

balqash 2024-05-27

5c56e99f-8e2b-439f-a69a-d4f3984125f1.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде білікті және білімді жастардың саны артып келеді. Біз оларды жаңа буын көшбасшыларын даярлауға қатыстырамыз. Жастар әрдайым жаңа идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші болып табылады, сондықтан біз жас ұрпақтың осы әлеуетін дұрыс бағытта бағыттап, оны тиімді пайдалануымыз керек» деді.

Жастар-алдыңғы аға толқынның еңбегін, мемлекетіміздің жеткен жетістігін, тәуелсіз елі-міздің кешегісі мен бүгінін, ұлттық құндылықтарымызды, тіліміз бен дінімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді көздің қа-рашығындай қорғап, оны болашаққа жалғастырушы буын. Сол себепті, жастарға артылатын үміт пен сенім мол.

Осы аптада Мәдениет үйінде  аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарды игі істерге, тәртіп пен дұрыс мақсаттарға, адал еңбек пен парасаттылыққа баулу, туған жері мен өскен елінің патриоты болу мақсатында  «Жастар-біздің үмітіміз және жарқын болашағымыз!» тақырыбында аудан әкімінің аудан жастарымен кездесуі болып өтті.

Аталмыш іс-шараға аудан басшысымен қатар «АMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай, интернатционалист - жауынгер, ауданның Құрметті азаматы Мұқанғали Қожабеков,  Балқаш ауданы Агрокешен және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Кәсіподақ төрағасы Самат Рақышев, Ауған соғысы Ардагерлер ұйымының төрағасы Бақтыбек Мейрамбекұлы, ауданның бас имамы   Нұрдаулет Төрежанов, Балқаш аудандық полиция бөлімің ювеналдык полиция тобының аға учаскелік инспекторы Қайнар Раушанов, сонымен қатар Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі студенттері және мектеп оқушылары қатысты.

 Аудандық Жастар ресурстық орталығы жетекшісінің мінде-тін атқарушы Сымбат Нұрпейіс алдымен аудан әкімі Азат Үкітайұлына сөз берді.

Аудан басшысы жастардың атқарып жатқан жұмыстарына  тоқталып, спорттық шараларда топ жарып, биік белестерді бағындырып, облыстық, республикалық, тіпті әлемдік жарыстарда жүлделі орындарды еншілеп жүрген спортшылардың есімдерін айта келе, жастарға зор сенім артатынын тілге тиек  етті.

Сонымен қатар, жастардың кәсіпкерлікпен айналысып, қоршаған ортаның тазалығы мен ауыл көшелерінің көгалдануына атсалысып, жасалынған дүниелерді күтіп ұстап, барлық өзекті мәселелердің күрмеуін бірге шешуге жұмыла кірісуге шақырды.  

Сөз алған қонақтарда бүгінгі қоғамда жастардың жеткен жетістіктеріне баса тоқталып, аудан жастарының болашағы жайында өз ойларын ортаға салып, олардың тәлімді-тәрбиелі болып, сантүрлі мамандық иегері атанып, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлестерін қосуға ақыл-кеңестерін айтып, жастар қауымының жүректеріне имандылық пен адамгершілік қасиеттерді қондырып, оларға жігер берді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар. Олардың білім мен ғылымға мән беріп, жақсы істерге ынталануына барлығы байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар болса, оларға зор сеніммен қарап, қолдау көрсету керек деп ойлаймыз.

                                                                                                                                                                                        Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)
<< «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» БАСТАМАСЫНА - 10 ЖЫЛ
ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ӨРЕНДЕРГЕ БЕРЕРІ КӨП >>

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
  • Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
  • Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
  • В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
  • Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли
  • Сәйкес тақырыптар

    Жаңалықтар легі

    • 15-05-25/19:36 Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр
    • 15-05-25/19:34 Алматинская область наращивает поддержку аграриев через программу «Кен дала 2»
    • 15-05-25/19:26 Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию транспортной и энергетической
    • 15-05-25/19:19 В Астане стартовал первый республиканский конкурс профессионального мастерства среди связистов
    • 15-05-25/19:15 Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли
    • 15-05-25/19:13 Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған конференция өтуде
    • 15-05-25/18:12 С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге
    • 15-05-25/18:09 Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды
    • 15-05-25/18:06 В Казахстане стартовал Национальный конкурс «Мерейлі отбасы»
    • 15-05-25/18:03 ХАБАРЛАНДЫРУ
    • 15-05-25/17:39 ОБЪЯВЛЕНИЕ
    • 15-05-25/17:38 Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі
    • 15-05-25/17:33 Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді
    • 15-05-25/17:30 МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫН МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТУДЕ
    • 15-05-25/12:35 Уфа қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан халықаралық жарыстар басталды
    • 15-05-25/12:32 Мерейлі отбасы
    • 15-05-25/12:02 Мерейлі отбасы
    • 15-05-25/11:56 ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
    • 14-05-25/13:43 Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
    • 14-05-25/13:40 ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

    Көп оқылым

    • Ежелгі дәуір өркениеті

      Ежелгі дәуір өркениеті

    • Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

      Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды.

    • 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

      42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

    • Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

      Мұстафа ҚАЛИЕВ, «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің басшысы:

    • Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

      Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы б

    • 42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

      42 500 теңге өтемақы — бұл коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты табысынан айырылған жұм

    • Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

      Для школьников Алматинской области будут проводиться телевизионные уроки

    • 13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

      13 тысячам жителей АО автоматически назначены 42 500 тг

    • Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

      Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

    • Жақсылық Жасап Жарысайық!

      Жақсылық Жасап Жарысайық!

    Copyright Rights Reserved. Балқаш өңірі газеті
    Біз туралы | Бізбен байланыс