«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» БАСТАМАСЫНА - 10 ЖЫЛ

0aa67093-115c-4b6d-9a33-6a700c692a9c.jpg

Биыл «Бір белдеу – бір жол» бастамасына - 10 жыл толып отыр.  Қытай Халық Республикасымен тығыз ынтымақтастық пен іскерлік байланыс орнату мақсатындағы ірі жобада облысымыздың рөлі ерекше.

Осы орайда өткен жылы Алматы облысының бизнес делегациясы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына  бірнеше рет барып, ол жақтың бизнес өкілдері де біздің өңірімізге келген болатын. Осы жолы да екі ел арасындағы ауыл шаруашылық саласының экономикалық әле

уетін саралап, жаңа технологияларды таныстырып, тәжірибе алмасу мақсатында шекаралас мемлекеттің ауылшаруашылық мамандары мен кәсіпорын өкілдері Қонаев қаласына арнайы келді.  

Алыстан келген қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов қарсы алып, облыс әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізді. Кездесуде екі елдің ауыл шаруашылығы әлеуеті таныстырылып, аграрлық саладағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сөз тізгінін алған Алмас Сұлтанұлы былтыр облысымыздың  тауар өндірушілері Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы басшылығының ұйымдастыруымен Қорғастағы көрмеге қатысқанын, онда кең таралған жаңа технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, интенсификациялау бағытында үлкен мүмкіндіктерге көз жеткізгенін айтып өтті.

Жұмыс сапарымен келген көрші елдің кәсіпкерлері мен шаруашылық өкілдері облыс орталығында өткен  жиыннан соң біздің ауданға да атбасын бұрып,  «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-ның егіс алқабына келіп, дала жұмыстарымен танысты.                                                                    

Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»