Тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі өтеді

        download.jpg

        Қазақстан Мәслихаттарының 30-жылдығына орай және V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Сенаты мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының қолдауымен үш кезеңнен тұратын тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі ұйымдастырылады.

Алматы облысы бойынша қалалық және аудандық іріктеу турнирі 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 10.00-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының мәдениет үйінде өткізіледі.

Қатысушылар: мәслихат депутаттары мен аппарат өкілдерінен 1 ер және 1 әйел, БАҚ өкілдері мен блогерлерден               1 ер және 1 әйел (қала және аудан командаларының құрамы 2 ер, 2 әйел адам).

Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық мәслихатының аппараты және Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының Алматы облысы бойынша филиалы.

                                                

                                                Мақсаты:

а) тоғызқұмалақты депутаттар және қоғам өкілдері арасында танымал ету;

б) Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының атқарушы дирекциялары мен жергілікті жерлердегі өкілді билік органдары арасындағы берік байланысты нығайту;

в) Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының танымалдығын арттыру;

г) тоғызқұмалақ спортын дамытуға жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару;

е) V-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау, сондай–ақ ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ спортын дәріптеу.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Олжас Бектенов провел совещание по вопросам совершенствования системы здравоохранения
  • Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді
  • Глава государства посетил Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • В Казахстане впервые будет проведена административная амнистия
  • Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ