Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

585aec62-b3fa-483b-be91-861ebee668cc.jpg

    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов айтты. 

    Облыста өткен жылы жұқпалы аурулардың санының төмендегені байқалады.  Атап айтқанда, бруцеллез, жіті ішек инфекциясы, қызылша, туберкулез, жаппай тамақтан уланулардың саны азайған.

Дейтұрғанмен, көкжөтел, АИТВ, А вирустық гепатиті, сібір жарасы және кене энцефалиті кеңінен тараған.

      «Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында көкжөтел бойынша эпидахуал күрделі, олардың үлесіне облыс бойынша барлық жағдайлардың 60% - ы тиесілі. Ал Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Кеген және Қонаев қаласында А вирустық гепатиті бойынша қолайсыздық байқалады»,-дейді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов.

    Сонымен қатар, өткен жылы 4 мыңға жуық адамнан туберкулез анықталған. Марат Әділжанұлының сөзіне сүйенсек, облыста  сібір жарасының 87 стационарлық қолайсыз мекендері мен 99 топырақ ошақтары тіркелген. 

    Маманның айтуынша, аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі-екпе. Бүгінгі тада өңір халқының  346 мыңы  профилактикалық екпелер алған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты*
  • *Emirates SkyCargo запустил еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем*
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
  • 2. АРНАЙЫ ТЕХНИКАҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖОЛ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КЕПІЛІ
  • «ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ