Зарина Дияс Румыниядағы теннис турнирінің екінші айналымына шықты

???????? Қазақстандық теннисші чехиялық қарсыласын екі сетте жеңді.


Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан Intaro Elite Cup ITF W75 санатындағы турнирдің бірінші айналымында Зарина Дияс (әлемнің 334-ракеткасы) чехиялық Анета Лабутковамен (645-орын) кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

????Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Дияс өз геймін екі рет жоғалтқанымен, бес брейк жасап, басымдық танытты.

????Турнирдің екінші айналымында Зарина украиналық Дарья Снигур мен италиялық Камилла Розателло арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Снигур осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
  • 1 мамыр күні Балқаш ауданында кезекті санитарлық тазалық сенбілігі өтті.
  • Өз мәңінде өрнек тапты
  • “Тазалық күндері” акциясы
  • “Тазалық күндері” акциясы