Қаржы министрлігі: ашықтық және әділ салық төлеу бағыты

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін және жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу арқылы салықтық міндеттемелерін оңтайландыратын салық төлеушілерді әкімшілендіруді жалғастыруда.

.Талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді.

12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда. Қазіргі таңда 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін жүзеге асырды. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, бірқатар ірі құрылыс компаниялары қаржылық ағындардың ашықтығы мен құрылыс саласындағы көлеңкелі схемаларды жою үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қаржыландыруға бастамашылық білдіруде.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Егер хабарламалар орындалмаған жағдайда, салық органдары кешенді салықтық тексерулер жүргізу туралы бастама көтеретін болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Республика күні қарсаңында Қазақстанда ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей жоба - Kia зауыты ашылды.
  • В преддверии Дня Республики в Казахстане открывается завод Kia, не имеющий аналогов на территории СН
  • Глава государства в ходе телемоста открыл автомобильный завод KIA Qazaqstan
  • Казахстан увеличил поставки бытовой химии за рубеж
  • Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді