Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

2c4e48b9-fe9a-4f32-b681-5339413403b4.jpg

        Алматы облысында 17 917 түлек  үшін қоңырау  соңғы рет соғылады.  Олар үлкен өмірге қанат қағуға бір табан жақын тұр.  Үкілеген үмітті арқалағандардың 1433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үмітті. Ал, 1513 оқушы «Үздік аттестат» иегері атануға құлық танытуда. 

        11 жылдық тәлім мен тәрбие, білім мен білік , бағы мен бабы қатар сыналар тұста алыс емес.  Түлектер жылдағыдай ҰБТ тапсырады. Биыл 14 123 бала тестілеуден өтеді. 

Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы биылғы 2024-2025 оқу жылы жемісті болғанын алға тартуда. 

    Оның айтуынша, оқушылар 17 халықаралық, 150-ге  жуық республикалық білім бәйгелерінің тұғырынан көрінген. 

    Сонымен қатар, Республика бойынша 25 оқушы 1 орын, 30 оқушы 2 орын,              75 оқушы 3 орыннан көрінген. 

    Бірер күнде барлық білім ұяларында соңғы қоңырау соғылады.  Алайда, білім саласындағы жұмыстар аяқталмақ емес. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да білім саласының бір бағыты. 

Спикер, жазғы демалыс кезеңінде 30 лагерь жұмыс жасайтынын айтты. 

Облыс оқушыларының 92%-ы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда. 

    «Жекелеген санаттағы 2017 оқушысы мен тәрбиеленушілердің жазғы демалысын ұйымдастыруға 282,3 млн. теңге бөлінді»,-деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева.  

Айта кетейік,  «Қазақстан халқына» қорынан 165,6 млн. теңгеге, барлығы 1400 жолдама беріледі. Балалар  «Тау-Жанашар» «Альтаир» «Облыстық балалар сауықтыру лагері» сынды орындарда жазғы демалыстарын тиімді өткізетін болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен қамтылады
  • «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»
  • «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»
  • Первый в Казахстане международный форум корпоративных университетов ГМК прошел в Астане
  • Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр