Облыстық байқауда – жүлделі II орын

08e843da-f6bd-48c4-9d7a-95268989d69a.jpeg

2026 жылдың 22 қыркүйегінде Талғар ауданында Алматы облыстық «Үздік сынып жетекші – 2026» байқауы өтті. Байқау сынып жетекшілерінің шығармашылығын, нәтижелі тәжірибесін насихаттау және ұлттық құндылықтарға негізделген саналы, жасампаз азамат тәрбиелеудегі еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.

Облыстық додаға 10 ауданнан 12 қатысушы қатысып, кәсіби шеберліктерін сынға салды. Балқаш ауданының намысын Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Саденова Толқын Болатовна қорғап, жүлделі II орынға ие болды.

Байқауда ұстаздың сынып оқушыларымен жүзеге асырып жүрген «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Смарт бала – Шабыт дәптері» бағыттарындағы жұмыстары таныстырылып, педагогикалық тәжірибесі ұсынылды.

Бұл жетістік – ұстаздың ізденісі мен еңбегінің, мектеп ұжымы, оқушы және ата-ана арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі. Балқаш ауданының қоржынына түскен жүлде құтты болсын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыстық байқауда – жүлделі II орын
  • Өнермен өрілген сабақ
  • Казахстан поднялся на 8 позиций в Глобальном инновационном индексе и показал лучший результат
  • Алматы облысында 21,2 мың тонна сүт өндіріліп, 287 шаруашылыққа қолдау көрсетілді
  • Таза Қазақстан