Өнермен өрілген сабақ

bd5cb2cf-677f-4b68-8da4-fbc22d19a26c.jpeg

    

    Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Өнер және Сымбат» бірлестігінің апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шараларға ұласты. Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақтар, коучингтер, түрлі шығармашылық байқаулар мен танымдық кездесулер өткізіп, ұстаздар қауымына мол тәжірибе мен жаңа идеялар ұсынды.

Апталықтың ерекше жаңалығының бірі – көркем еңбек пәнінің мұғалімі Нағима Мырзахметқызының  жаңаша форматта ұйымдастырған панорамалық сабағы болды. Шығармашылық пен психологиялық сергітуді ұштастырған бұл сабаққа әр мектептен келген ұстаздар және Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері белсенді қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Сабақтың негізгі мақсаты – қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, ішкі стресс пен алаңдаушылықты шығармашылық арқылы сыртқа шығару, ұсақ моториканы жетілдіру және қиялды дамыту. 

Сабақтың әр кезеңі қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ерекше көңіл күй сыйлады. Ұстаздарға жартылай салынған суреттер ұсынылып, оларды өз қиялдары мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып аяқтау тапсырылды. Бір қарағанда қарапайым көрінген бұл тапсырманың өзі әр адамның қиялы мен ішкі жан дүниесінің қаншалықты ерекше екенін көрсетті.

Сондай-ақ сабақ барысында құммен сурет салу арқылы қол моторикасын дамытуға арналған қызықты тапсырма орындалды. Құммен жұмыс жасау барысында ұстаздар өз көңіл күйлерін бейнелер арқылы жеткізіп, шығармашылық әлемге еніп кетті. Бұл әдіс қатысушыларға күнделікті жұмыстан бір сәт сергіп, өз сезімдерін шығармашылық арқылы еркін жеткізуге мүмкіндік берді.

Сабақ соңындағы рефлексия кезінде ұстаздар өз әсерлерімен бөлісіп, ерекше сабақтан алған жағымды эмоцияларын ортаға салды. Жаңаша әдістерді тәжірибеде қолданып көру, өз қолдарымен шығармашылық жұмыс жасау және әріптестерімен еркін пікір алмасу – қатысушылар үшін үлкен әсер қалдырды.

Өтешова Нағима Мырзахметқызының бұл сабағы – көркем еңбек пәнінің тек қолөнер мен сурет салуды үйретумен шектелмей, адамның жан дүниесіне әсер ететін, көңіл күйін көтеретін, шығармашылық қабілетін ашатын маңызды құрал екенін көрсетті. 

Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының ғылыми әдістемелік ісі жөнідегі орынбасары Сонабаева Феризат Бекінқызы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыстық байқауда – жүлделі II орын
  • Өнермен өрілген сабақ
  • Казахстан поднялся на 8 позиций в Глобальном инновационном индексе и показал лучший результат
  • Алматы облысында 21,2 мың тонна сүт өндіріліп, 287 шаруашылыққа қолдау көрсетілді
  • Таза Қазақстан