Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» облыстық байқауы өтті

1.JPG

    Халықаралық бабаларды қорғау күніне орай, Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» отбасылық байқауы ұйымдастырылды 

    Шара облыстық әмбебеп кітапхана ғимаратында өткізілді.  Сайысқа Алматы облысның 7 ауданынан келген отбасылар қатысты. 

    Өз өңірінің үмітін үкілей келген әр жанұяның өзіне тән ерекшелігі бар. Бірі зерек, енді бірі ұйымшыл болса, өзгелері өнерден алдына қара салдырмайды.

Ынтымағы жарасқан  қара шаңырақ иелерінің жеткен жетістіктері де аз емес. Олар еңбекте алғыр, білімде жүйрік, қоғамдық істерде белсенді. 

Бабы мен бағын бәйгеге тігіп, сайыста бақ сынаған отбасылар 4 кезеңде сынға түсті. 

Олар, әуелі өздерін жан-жақты таныстырды. Артынша, логикалық сұрақтарға жауап беріп, білім бәсекесінде бәске түсті. Үшінші кезең,  «Шабыт мекені» деп аталды. Онда қатысушылар қолөнер туындыларын әділ қазылардың назарына ұсынды. Он саусағы майысқан шеберлер, қылқаламынан туған көркем суретін көрмеге қойған суретшіде дәл осы жанұя мүшелерінің арасынан табылды. 

Ал, шешуші кезеңде отбасылар спорттық ойындармен жарысып бақты. 

Жарысқа қатысушылардың бірі, Қарасай ауданынан келген Бекнұр есімді бала.  Ол өзінің отбасының топ жаратынына кәміл сенеді. 

«Біз Қарасай ауданынан келдік. Бүгін отбасымызбен жарысқа қатысып жатырмыз. Дайындығымыз жақсы. Мен Бүгін ән шырқаймын. Біздің отбасының өнері елдің көңілінен шығады деген үміттемін»,-дейді Бекнұр. 

    Иә, отбасы- әрбір баланың алғашқы мекені, ұстазы, бақыты тоғысқан үлкен орта. Ал, бала сол ортаның Шолпан жұлдызы. Демек, біріне-бірі сеп.  Қос қолдың саласындай, қос өзеннің сағасындай болған бұл байланысты ешкім үзе алмайды. Бала отбасымен бақыт құшағында тербелсе, жанұя сәби күлкісімен шырағын жағары анық. 

    Жан шуағы мен шынайы шаттық шаңырақта ғана. Бала - шаңырақтың күн мен айы. Баланың бақыты, әлемнің бақыты. Сәбилер жыламасын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*