МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

d65d9deb-c0be-4d93-9e22-8a4505ca2e6d.jpg

    21 мамыр – «Мәдениет жә-не өнер қызметкерлері күні» мерекесі. Осынау айтулы күнге орай аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асқар Кәдірұлы аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданымыздың мәдениет саласында еңбек етіп жүрген мәдениет және өнер қызметкерлері мен кі-тапханашыларды арнайы қа-былдап, кәсіби мерекелерімен  құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хаттары мен грамоталарын табыстап, олардың мәр-тебелерін бір көтеріп тастады.

Мұнан соң жиынды жүргізіп отырған Асқар Кәдірұлы марапаттау кезегін «АМАNАТ» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбайға берді. 

f4f07e9c-60f4-4a38-a8c6-2b3d13433e6d.jpg

Марапаттау кезеңі аяқтал-ғаннан кейін аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов бастаған бірқатар азаматтар ауданымыздың мәдениет саласының өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып жүрген жандарды төл мерекелерімен құт-тықтап, мәдениет саласының жетістіктеріне баса тоқталды.

Салтанатты шарада кейін мәдениет және өнер қызметкерлері бір – бірін құттықтап, естелік суреттерге түсіп, мәре – сәре болып тарқасты.

Дана халқымызда «Өнер - ұлттың жаны»  деген қанатты сөз бар. Шынында да кез-кел-ген ел өзінің төл өнерімен, мәдениетімен танылып, бағала-нады.  

Олай болса, ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарымен, тамаша өнер-лерімен қуанышқа бөлеп жүрген мәдениет саласының қызметкерлерінің өнерлері өрге жүзсін! 

                                  Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
  • 2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді
  • КАЗАХСТАН УСКОРЯЕТ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: АНАЛИЗИРУЕМ ПОКАЗАТЕЛИ С НАЧАЛА ГОДА
  • Алматы облысында балалардың саулығын қолдауға арналған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде
  • Алматы облысында балалардың саулығын қолдауға арналған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде