КҮРІШ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫ

4039f3ca-469f-4b7b-a756-4c750ea5c300.jpg

Әні –міне дегенше көктем мезгілі де аяқталып, жадыраған жазға да келіп жеттік. Ерте көктемде қолдарына кетпен - күректерін алып егін егу жұмыстарымен айналысқан диқаншылар қауымының жұмыстары күннен – күнге күрделеніп барады.

Көктемнің бір күнін жылға азық санаған аудан диқаншылары қазіргі таңда күріш егу жұмыстарын же-делдетіп, дән сіңірілген ег-іс алқаптарды сумен бас-тыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, жылдағы үйренішікті кәсіптерімен айналысып жатыр.

097d896a-6c25-4eb8-98bb-584a1a92b37c.jpg

Егін егу жұмыстары аудан әкімінің тікелей бақылауында   тұрғандықтан осы салаға жауапты мамандар бұл жұмыстарды жіті бақылауға алған.

Аудандық ауыл шаруашы-лығы мамандарының берген мәлметіне сүйенсек, биылғы жылы аудан көлеміндегі 28 824 гектар суармалы жерге егін егуді жоспарлаған. Жоспарланған егіс алқабының 6000 гектарына күріш, 5060 гектарына бидай, 1018 гектар жерге арпа дәнді дақылдар егілсе, 119 гектар жерге картоп, 230 гектарға көкөністер және 262 гектар жерге бау – бақша, ал қалған егістік алқапқа қысқы мал азығы ретінде көп жылдық және бір жылдық жоңышқа егуді жоспарлап қойған.

Бүгінгі таңда күріш егу жұмыстарының 5500 гектарына дән себіліп, оның 5400 гектары сумен бастырылыпты.

Күріш егу жұмыстарын жеделдетіп, дала төсін дүбірге бөлеп жатқан шаруашылықтар-дың бірі Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі се-ріктестігі. Аталмыш шаруа-шылықтың егіс алқабына осы аптаның бейсенбісі күні арнайы барып, ол жердегі диқаншылардың жай – күйін көзбен көріп, жұмыс жүйесімен жақын таныстық. Алыстан ат терлетіп арнайы барған газет тілшілерін көрген диқаншылар қауымы атқаратын істері шаш – етектен болса да бір сәтке тізгін тартып, аттан түсті.

Еңбектің қарақазанын қай-натып жатқан диқаншылардың атқарып жатқан жұмыстарына байыппен қарағанымда тұқым сепкішке күріш дәнін салушы жұмысшы топ мүшелері Дархан Несіпбеков, Нұрбол Райымқұлов және Асқар Абденбаев сынды жігіттердің өз істеріне берік екендіктері аңғарылып- ақ тұр.

Ал механизаторлар  Руслан Өтегенов пен Ермек Кенжетай, бөлімше басшысы Мұхит Раушанов, есепші Бауыржан Несіпбеков жұмыс жоспарын шарушылық басшысына түсіндіріп жатты.

Ерте тұрып кеш жатып, күні бойы дала кезіп жүрген диқаншылар қауымының бар арманы ауа райының қолайлы болғаны. Олардың айтуынша жаз айларындағы аптап ыстық күріш дақылының өсіп жетілуіне мол әсерін берсе, жаңбырлы күндер арпа  - бидайдың мол өнім беруіне септігін тигізеді екен. Тек толасыз жауын – шашын егін егу және егін ору жұмыстары кезінде кедергі  келтірмесе болғаны.

Сұхбат барысында Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры Алмас Қыстаубаев көктемгі дала жұмыстарына  он екі «МТЗ 1221», жирма бес «МТЗ-80» және екі «YTO- Х 1304» тракторлары мен сегіз тұқым сепкіш, төрт автогрейдер, жиырма соқа техникалары жұмылдырылғанын, сонымен қатар өзінің шаруашылығына қарасты егістік алқаптың 1300 гектар суармалы жерге күріш, 1300 гектарына бидай және 2900 гектар жерге көп жылдық шөп егілгенін, сондай –ақ күріш дәні сіңірілген егіс алқаптың 1100 гектарын сумен бастырып үлгергенін атап өтті.

Әңгіме барысында Алмас Әбдіжаппарұлы қысқы мал азығын дайындау жұмыстары да жоспарланып қойғанын айтып, алдағы күндері басталатын шөп ору науқанына екі «Германка», екі «МасDоn» сегіз шөп пірестегіш дайындап, 15 шаруашылықпен  келісімшарт жасасып қойғанын сөзден іркіп қалмады.

Иә, егін егу – жауапты кезең. Аграрлы ауданымыздың тасын өрге дөңгелетіп жүрген диқаншылар қауымына үлкен мінден жүктелген.

Басты мақсат – егін егу жұмыстарын дер кезінде аяқтап, мол өнімнің негізін қалау. Бұл берекесі мол игілікті іс барысында егін егумен айналысатын әрбір шаруашылыққа үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, көктемнің әр күні – жылға азық екенін әсте ұмытпаған жөн.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КҮРІШ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫ
  • ТҮЛЕКТЕР АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІНЕ ТАМАША ТАРТУ ЖАСАДЫ
  • Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар
  • Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
  • 2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді