АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

89404101-b006-47bb-be36-97800eec5eb4.jpg

    Осы аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетов аудан орталығындағы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясында 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша  аудан көлеміндегі білім шаңырақтарында 11 жыл бойы үздік оқушы атанған «Алтын белгіге» үміткер түлектермен дөңгелек үстел басында кездесіп, оларға өзінің жүрекжарды тілегін арнап, дарынды жастарға – өмірде өз орнын таба білуді, мамандық таңдауда қателеспеуді, тура жолға түсіп, жақсы тұлға болып қалыптасуларына тілектестігін білдірді.

    Сонымен қатар биылғы оқу жылында аудан көлеміндегі білім шаңырақтарынан 291 оқушы түлеп ұшатынын және олардың арасында 25 түлек «Алтын белгіге» үміткер, 26 оқушы «Үздік аттестат» иегері екенін айтып, аудан көлеміндегі білім саласының жетістіктеріне ерекше тоқталып, жас ұрпаққа білім беру жолында сүбелі үлестерін қосып жүрген ұстаздар қауымына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.  

        Аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Қошаханованың ұйымдастыруымен өт-кізілген іс – шарада сөз кезегін алған аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастардың қолында екенін айтып, «Алтын белгіге» үміткер түлектерге ақ тілегін ақтарып, оларға сәт – сапар тіледі.

        Іс-шара барысында оқу-шылар аудан басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша тұщымды жауаптар алды.

        Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектер армандары мен бо-лашаққа деген жоспарларымен бөлісіп, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы жөнінде әңгіме өрбітіп, өз ойларын ортаға салды.

        Кездесу соңында аудан әкімі Азат Үкітайұлы оқуда озат болып, білім додаларында биік белестерді бағындырған оқушылардың белсенділігіне жоғары баға беріп, олардың бастамалары мен талаптарына қолдау білдіретінін айтты. Сондай-ақ мемлекетімізде білімге құштар, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпаққа әрдайым қолдау көрсетілетінін де тілге тиек етіп, естелік суреттерге түсті.

        Бала болашағының жарқын болуы – бүгінгі күнгі тәрбие мен білім беру жүйесінің сапасына тікелей байланысты. Бұл ретте мектептің алатын орны айрықша. Сондықтан мектептің қауіпсіз әрі жайлы болуы – әрбір баланың бақыты мен еркін дамуының негізгі кепілі саналады. Қауіпсіз мектепте білім нәрімен сусындаған оқушы өзін бағалайды, өзгеге құрметпен қарайды, армандарына сенеді. Мұндай ортада баланың жан-жақты дамуына жол ашылады.

        Ой-өрісі жоғары, білімді балаларды қолдау – қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі. Бұл тұрғыда Тәуелсіз мемлекетімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге жан-жақты жағдай жасалып жатыр.

Нәтижесінде талапты оқушыларымыз облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда аудан намысын қорғап, абыройымызды асқақтатуда. Үздік оқушылар қашанда біздің мақтанышымыз бола берері хақ.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
  • ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ВВП Казахстана вырос за пять месяцев на 6 %