ЕКІ КОМАНДА ОЙЫНШЫЛАРЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

4c9227e7-e49c-4c20-a346-ef62cb95e378.jpg

4-8 маусым күндері аралығында Ұзынағаш кентінде 2011-2012 жылдары туылған жасөспірім ұлдар және 2013-2014 жылдары туылған кіші жасөспірім ұлдар арасында волейбол спортынан Алматы облысының жазғы чемпионаты болып өтті.

Облыс көлемінде ұйымдастырылған спорттық шараға қатысқан жерлестеріміз ерекше ойын өрнегін көрсетіп, екі команда  ойыншылары да аталмыш байрақты бәсекенің чемпионы атанып, мәртебемізді көкке көтерді.

Жасөспірімдердің спорттық сайыста ерекше өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріну-леріне еселі еңбек сіңірген аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықты-рушылары Алмаз Тоғанбай мен Әділет Ноғайбай екені жасырын емес.

Аудан абыройын асқақтатқан балғын спортшылардың бұл жеңісі бәріміз үшін мақтанарлық жайдарман жаңалық.

Бабы мен бағы жанған жас спортшыларымыз республикалық чемпионнаттарға қатысып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектес болайық құрметті ағайын!.

                                                   Өз тілшімізден. 


 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*