ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

news33072.jpg

    Баимбетов Мұрат Меирханұлы – өнегелі өмір жолымен, адал еңбегімен және әкелік парасатымен көпке үлгі бола білген азамат. Ол 1981 жылдың 9 тамызында дүниеге келген. 2003 жылы еңбек жолын бастап, 2024 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін ел игілігі жолында аянбай қызмет етті. Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында ұжымда үлкен құрметке ие болды.

    Мұрат Меирханұлы – көп балалы әке, бүгінде жұбайымен бірге бес баланы, оның ішінде үш ұл мен екі қызды тәрбиелеп отыр. Балаларына терең тәлім мен тәрбиені қатар беріп, отбасында сыйластық пен мейірімге негізделген орта қалыптастыра білді. Биыл үлкен қызы мектепті «Алтын белгіге» аяқтап, ата-анасының үмітін ақтап, зор қуаныш сыйлады.

    Әкелер күніне орай, біз осындай жауапты да абыройлы міндетті арқалап жүрген барша әкелерге алғыс білдіреміз. Мұрат Меирханұлы сынды ардақты әкелердің өмірі – жас ұрпақ үшін үлгі, ұлағатты жол.

Әкең – асқар тауың. Отанның берік іргетасы отбасыдан басталса, отбасының тірегі – әке.


    Жарнама орны (6)

    Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
  • Алматинская область наращивает темпы аграрного роста благодаря господдержке
  • «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман».