Құрметті Алматы облысының ата-аналары мен 9 және 11-сынып түлектері!
Аттестат алу – әр оқушының өміріндегі ерекше әрі жауапты кезең. Бұл — жылдар бойы алған білім мен еңбектің қорытындысы, жаңа өмірге жасалатын маңызды қадам. Сол себепті бұл сәттің тыныш, қауіпсіз әрі мәдениетті түрде өтуі баршамыз үшін аса маңызды.
Осыған орай, аттестат тапсыру рәсіміне байланысты келесі ережелерді сақтау қажет екенін еске саламыз:
Аттестат тапсыру – бұл ресми шара.
Сол себепті төмендегі әрекеттерге қатаң тыйым салынады:
???? Көлікпен кортеж (шеру) ұйымдастыруға;
???? Қатты музыка қойып, көшеде тойлауға;
???? Мейрамхана, кафелерде, демалыс орындарында жаппай бас қосуға;
???? Қала ішінде немесе тұрғын аудандарда қозғалысты қиындататын іс-әрекеттерге баруға болмайды.
⚠ Қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыздар:
⛔ Тау, өзен-көл секілді қауіпті жерлерге бармаңыздар;
???? Әлеуметтік желілердегі қауіпті, өмірге қатер төндіретін челлендждерге қатыспаңыздар;
???? Рәсім аяқталған соң үйге бірден оралу ұсынылады.
‼️ Құрметті ата-аналар!
Осы маңызды күнде балаларыңыздың тәртібіне мұқият назар аударып, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.