Қазақстан Республикасы үшін 1995 жылдың 30 тамызы ерекше күн болып саналады. Өйткені дәл осы күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің Ата Заңың бірауыздан қабылдады. Қабылданған Конституция барлық заңдардың бастауы болып қана қоймай, тарихи дамуымыздың негізі болды.
Міне, Ата Заңымыздың қа-былданғанына биыл - 30 жыл толып отыр. Ал Конституция қабылданған күн Қазақстан халқы үшін ұлы мереке.
Конституцияның 30 жылдық мерейтойын Республика көлемінде атап өту-Тәуелсіз мемлекетіміз үшін биік мәртебе болып саналары сөзсіз. Осыған орай, осы аптаның жұмасы күні аудан орталығындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - елдігіміздің айғағы» тақы-рыбында мерекелік іс - шара болып өтті.
Мерекелік шара Мемлекеттің Гимнің орындалуымен басталды. Адам бойына рухани күш-жігер сыйлайтын асқақ ән орындалып, біткен соң аудандық Мәдениет үйінің жанынан құралған «Бақанас» театрының мерекелік компазициясы көрсетілді.
Мұнан соң аудан әкімі Азат Құтпанбетов мінбе төріне кө-теріліп, аудан тұрғындарын құттықтап, ол өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекі-тілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғам-дастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осы-ның айғағы. Әрбір қазақс-тандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді» - деп аудан тұрғындарына ақ тілегін арнады.
Аудан басшысы өзінің құттықтау тілегінен кейін аудан экономикасының дамуына, туған жердің түлеуіне үлес қосып жүрген бірқатар мекеме - ұйым қызметкерлерін марапаттады.
Марапаттау барысында «Ақдала» бастауыш партия ұйымының төрайымы Жайдары Оспанбаеваға, "Құйған" бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлшат Аманжоловаға, Қарой ауылдық округінің әкімі Әділғали Болатовқа және Топар ауылдық округінің әкімі Қуат Нұрғожаевқа «АМАНАТ» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының «Алғыс хаты» табысталды.
Сонымен қатар Балқаш ауданы прокурорының орынбасары Алмат Данилов, Көктал ауылдық округінің әкімі Айбар Өгізбаев, Балқаш аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы - бас қазынашы Гүлмира Қонақбаева, ау-дандық балалар мен жасөспі-рімдер спорт мектебі дирек-торының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Фархад Мұсаев, аудандық кірістер басқармасының бас маманы Гүлмира Нілдібаева, аудандық аумақтық инспекциясының өс-імдіктер қорғау және карантин инспекторы - бас маманы Ұлан Молдашбаев, кәсіпкер Блац Лев және Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің директоры Бақытжан Өксікбаев аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталса, Балқаш аудандық прокуратурасының прокуроры Қуаныш Жетпіс-баев, Республикалық фитоса-нитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының бас энтомологы Данияр Дәуітқұлов, Балқаш желілік техникалық цехының аға электр механигі Мұхтар Бақытұлы және бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Марапаттаудан кейін аудан өнерпаздары әуелете ән шыр-қап, мерекелік кештің көрігін онан әрмен қыздыра түсті.
Өз тілшімізден.