МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  Қазіргі таңда әлеуметтік желілер қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ақпарат алмасу, ой бөлісу, пікір білдіру мүмкіндіктері күнделікті өмірімізде үлкен рөл атқарып отыр. Дегенмен, мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік желілерде өзін ұстау ерекше жауапкершілікті талап етеді. Өйткені олардың әрбір сөзі мен әрекеті қоғам тарапынан жіті назарда болады.

1.      Әлеуметтік желідегі жауапкершілік

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі белсенділігі жалпы қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген көзқарасын қалыптастырады. Әдеп кодексіне сәйкес, олар желіде де ресми мәртебесіне лайықты ұстамдылық танытып, қоғамдық сенімге нұқсан келтірмейтін пікір білдіруі тиіс.

Көпшілік алдында орынсыз әзіл, дөрекі пікір немесе қоғамда кері реакция туғызатын жазбалар мемлекеттік қызметтің беделін түсіруі мүмкін. Сондықтан қызметшілер өз парақшаларында жеке көзқарастарын білдіргенде де, жалпы мәдениеттілік пен сыпайылықты сақтауы қажет.

2.      Әдеп нормаларын сақтау

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің басты назар аударатын қағидалары мыналар болуы тиіс:

- Мемлекеттік саясатқа қайшы келетін пікір білдіруден аулақ болу;

- Қоғамда жанжал туғызуы мүмкін материалдарды жарияламау;

- Әріптестер мен азаматтардың ар-намысына тиетін сөздер қолданбау;

- Ресми қызметіне байланысты құпия ақпараттарды таратпау;

- Әлеуметтік желіні халықпен ашық диалог құра алатын, пайдалы ақпарат тарата алатын алаң ретінде пайдалану.

3.      Қоғамдық сенімді нығайту

Мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желідегі әрбір сөзі оның ғана емес, бүкіл мемлекеттік органдардың абыройына әсер етеді. Сол себепті әдеп нормаларын сақтау – тек жеке мәдениеттілік емес, сонымен бірге мемлекеттік аппараттың беделін арттырудың маңызды факторы.

Қоғам тарапынан сенімге ие болу үшін мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желілерде парасаттылықты, жауапкершілікті және кәсіби-лікті басты қағида етіп ұстанғаны жөн.

 Жандос Закейұлы, аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы. 


 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году