АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті

11.JPG

2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті.


Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған.


Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау.


Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:


- тілді таңдау (қазақ немесе орыс);


- атаудың өз нұсқасын ұсыну;


- қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру;


-  конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет.


Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.


Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетикасы тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы туберкулез қоздырғышының дәрілерге сезімталдығын анықтауд
  • ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: МӘМІЛЕЛЕРДІ ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ АЙҚЫНДЫҚ
  • Новый Гражданский кодекс: защита добросовестных участников корпоративных отношений
  • *Новый исторический цикл требует долгосрочного видения развития страны*.
  • Долгосрочное видение – утвержден состав экспертной группы по стратегическому развитию