Қонаевта «Re women» әйелдер қауымдастығының форумы өтті

аа.JPGдд.JPGнн.JPGоо.JPG

      Қонаев қаласында «Pespublica» партиясы жанынан құрылған «Re Women» әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Әйел және цифрлық әлем: бизнес, медиа, шабыт» атты форум өтті. Шараға Мәжіліс депутаттары Айтуар Қошмамбетов, Нұргүл Тау, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, партияның тең төрағасы Максим Барышев және 100-ден астам әйел-кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Мақсаты – кәсіпкер әйелдерді қолдау, олардың құқығын қорғау, бизнес-жобаларын дамытуға көмектесу.

     – «Re women» қауымдастығының құрылғанына небәрі жеті ай болды. Осындай аз уақыт ішінде 2000-ға жуық белсенді, кәсіппен, әлеуметтік жобалармен айналысатын әйелдердің басын қосып, қызу жұмыс жүргізудеміз. Бүгінде еліміздің тұрақты дамуында нәзікжандылардың рөлі зор. Форумда әйелдердің көкейінде жүрген мәселелер, ұсыныстар тыңдалып, талқыланды. Алдағы уақытта осы сауалдарды Парламент қабырғасында көтеріп, шешу жолдарын қарастырамыз, – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова. 

     Шарада әйелдердің бизнестегі рөлі, оларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы жайлы сөз болды. Сондай-ақ мамандар жеке бренд қалыптастыруды, бизнеске арналған AI құралдары, ChatGPT мен нейрожелілерді дұрыс қолдануды нақты мысалдармен түсіндірілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ТАЛАНТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАРТУҒА ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?
  • «Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек
  • Две новые школы в рамках государственной программы «Келешек мектебі»
  • Алматы облысындағы елді мекеннің 95 пайызына кең жолақты интернет қол жетімді
  • В 95% населённых пунктов Алматинской области обеспечен доступ к широкополосному интернету