Алматы облысының колледжі «TurkicSkills» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында үздік деп танылды

жжж.JPG

2025 жылдың 4–9 қазан аралығында түркітілдес елдер арасында өткен алғашқы «TurkicSkills» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында Алматы облысынан 20 маман қатысып, өңір намысын қорғады.


Қатысушылар қатарында салалық сарапшылар, колледж директорлары мен орынбасарлары, педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері болды. «TurkicSkills» чемпионаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді біріктіретін маңызды халықаралық алаң болып табылады. Шара барысында түркі елдерінің білім беру жүйелеріндегі жаңа үрдістер, әдістемелер және оқыту стандарттары таныстырылды.


Чемпионат қорытындысы бойынша еліміздің 700 колледжі арасынан үздік деп танылған оқу орындары марапатталды. Солардың ішінде Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Үздік колледж» номинациясын иеленіп, өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі көшбасшы оқу орындарының бірі екенін дәлелдеді.


Аталған жетістік — облыс білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытында жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстың нәтижесі.


Сарапшылардың пікірінше, мұндай халықаралық чемпионаттар кәсіби білім сапасын жетілдіріп қана қоймай, жастардың жаңа кәсіптерге қызығушылығын арттырып, ел экономикасына үлес қосатын жоғары білікті кадрлар даярлауға серпін береді.


Алдағы уақытта Алматы облысының білім беру жүйесі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізуді жалғастыратын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында әр екінші түлек грант иегері атанды, 27 түлек Қытайда оқуға мүмкіндік алды
  • Каждый второй выпускник Алматинской области поступил на грант, 27 получили возможность учиться в Кит
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»
  • Касым-Жомарт Токаев: «Государство придаёт особое значение развитию гражданского общества»
  • «Береке Fest» акциясы аясында