СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

аа.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Ол кемел қоғамның әділетті және теңгерімді билік құрылымы жөніндегі сұранысына толық жауап береді. Бұл туралы Сенат Төрағасының «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында айтылды.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, билікті орталықсыздандыруы және қоғамның саяси субъектілігінің артуы жағдайында өкілді билік тармағының тұрақтандыру функциясы жаңа сапаны талап етеді. Сенат пен Мәжілістің әлеуетін бірыңғай Парламентке біріктіру, шын мәнінде, ықпалды заң шығару органын құруға мүмкіндік береді және ол атқарушы билікке тепе-тең тиімді әрекет ету мен барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғауға жол ашады.

Мақалада Мемлекет басшысы ұсынған пропорционалдық негізде қалыптасатын бірпалаталы Парламент моделі саяси партиялардың дамуына, жаңа көшбасшылардың пайда болуына және көппартиялы бәсекелестік ортаның қалыптасуына тың серпін беретініне баса ерекше назар аударылған. Палата Спикері атап өткендей, қуатты, өкілдікке ие және саяси ықпалы бар Парламент арқылы ғана Әділетті Қазақстанға қарай батыл қадам басуға болады.

«Өкілді биліктің тұрақтандыру функциясы бүгінде қос палатаның әлеуетін бір пәрменді күшке жұмылдырып, Қазақстан халқының барлық әлеуметтік тобының пікірін тұтас білдіретін бір палаталы Парламентке біріктіруді талап етеді. Бұл – атқарушы билікке ықпалды теңгерім болатын қадам. Халық – парламенттік реформаның негізін қалаушы. Өйткені бұл жолы өзгерістің басты тапсырыс берушісі бұрынғыдай билік емес, халық болып отыр», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Крещение Господне» мерекесіне орай 21 шомылу орны дайындалуда
  • СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС
  • СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ
  • СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ
  • СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ - ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА