2026 жылғы 09 қаңтарда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы облысы кәсіпкерлер палатасын

gg.pnghh.png

2026 жылғы 09 қаңтарда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы облысы кәсіпкерлер 

палатасының жиналыс залында кәсіпкерлерге арналған тұтынушылардың құқықтарын қорғау 

саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі 

ұйымдастырылды.


Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі 

заңнамалық талаптарды жан-жақты түсіндіру, тұтынушылармен өзара қарым-қатынаста құқықтық 

нормаларды дұрыс қолдану тетіктерін көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын 

даулы мәселелердің алдын алу жолдарын қарастыру болды.


Кездесу барысында тұтынушылардың негізгі құқықтары, оның ішінде сапалы тауар мен қызмет алуға,

 толық әрі шынайы ақпаратқа қол жеткізуге, келтірілген зиянның өтелуіне, сондай-ақ құқықтары 

бұзылған жағдайда оларды заң шеңберінде қорғауға қатысты мәселелер кеңінен түсіндірілді. Сонымен 

қатар сатушылар мен қызмет көрсетушілердің міндеттері, атап айтқанда, тауарлар мен қызметтердің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, кепілдік міндеттемелерін сақтау 

және шағымдарға уақтылы әрі заң талаптарына сәйкес жауап беру тәртібі егжей-тегжейлі баяндалды.


Іс-шара аясында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, нақты тәжірибеде жиі 

кездесетін даулы жағдайлар мысал ретінде қарастырылды. Мұндай мәселелерді қолданыстағы 

заңнама аясында бейбіт және тиімді шешу жолдары ұсынылып, құқықтық мәдениетті арттырудың 

маңыздылығы атап өтілді.


Кездесудің қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіпкерлердің 

заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ кәсіпкерлер мен тұтынушылар 

арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті нығайту – нарықтағы тұрақты әрі әділ қарым-қатынасты 

қалыптастырудың маңызды кепілі екені атап өтілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Крещение Господне» мерекесіне орай 21 шомылу орны дайындалуда
  • СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС
  • СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ
  • СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ
  • СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ - ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА