ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

5d853bf7-f154-4723-b25c-5ea5aa309be4.jpg

    Жақында Қаскелең қаласында Грек-рим күресінің U-17 жарысы бойынша Алматы облысының чемпионаты болып өтті.

Облыс көлеміндегі кіл мықтылар күш сынасқан спорттық сайысқа аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас балуандары қатысып, жүлдемен оралды.

Тартысқа толы өткен белдесу барысында Ақдала орта мектебінің балуаны Мадияр Бақтығалиұлы 45 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ-ші орынды еншілесе, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Санат Арыстанбай 51 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Сонымен қатар Жиделі ауылының мақтанышы Айбын Байкенже 72 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.

Ауданымызда облыстық, республикалық спорттық сайыстарда  үлкен нәтижелерге қол жеткізіп жүрген спортшылар аз емес. Олардың әрбір жеңістері біз үшін мақтаныш.

Өйткені олар өздерінің жанқиярлық еңбектерінің ар-қасында аудан абыройын асқақтатып жүр.

Ал бабы мен бағы жанған балуандарға бағыт – бағдар беріп, оларды жігерлендіріп боз кілемде атой салып, жеңіс тұғырынан көрінулеріне сүбелі үлестерін қосып жүрген жаттықтырушылары - Фархад Мұсаев пен Бақнұр Арыстанбаевтың орасаң еңбектері бар.

Жас балуандардың мұндай белестерді бағындыруы үздіксіз еңбек пен ізденістің нәтижесі. Ерік-жігерін шыңдап, мақсатқа ұмтылған спортшылардың алда талай жеңіске қол жеткізетіні анық.

                                                                                       Өз тілшімізден.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іле ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда
  • Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Ол
  • Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді
  • Алматы облысында медицина қызметкерлері ұлықталды: 25 маман марапатталып, өңірге 70 жаңа медициналық
  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*