Мәслихат сайлауы-жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызды тетігі

3801c0a7-ec8f-4a30-871d-123fb76428ce.jpeg

Негізі мәслихаттар – жергілікті жердегі азаматтардың үні мен жаңартылған билік жүйесінің маңызды буыны болып саналады.

Мәслихаттар – халқының еркін білдіретін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік, оны жүзеге асыру шараларын айқындайтын және олардың орындалуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар. Олардың негізгі міндеті – азаматтардың жергілікті жердегі мүдделерін білдіру, бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау. Депутаттар жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.   Сондықтан бұл сайлау еліміздің әрбір тұрғынына тікелей қатысты, өйткені әр азаматтың өз сайлау округі мен таңдаған кандидаты бар.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес, жауапты жергілікті басқару жаңартылған билік жүйесінің маңызды буынына айналып отыр. Президент әкімдердің халықпен кездесулері кезінде азаматтар нақты мәселелерді көтеретінін атап өтіп, депутаттардың бақылау функциясын күшейтіп, олардың әкімдермен өзара іс-қимылын жандандыру қажеттігіне назар аударды.

 Біздің

пайымдауымызша сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды 29 қарашаға белгіледі. Сайлау нәтижесінде 3 447 депутат сайлануы тиіс. Оның ішінде 20 облыстық мәслихатқа – 668, 38 қалалық мәслихатқа – 626 және 170 аудандық мәслихатқа 2 153 депутат сайланады.

Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарындағы депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша, ал қалған жартысы бірмандаттық сайлау округтері арқылы сайланады. Аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында депутаттар тек бірмандаттық округтер бойынша сайланады. Осылайша, сайлаушылардың өздері танитын, мүдделерін қорғай алатын нақты кандидатты таңдау мүмкіндігі сақталады. Бірмандаттық сайлау округтерінде кандидаттарды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі ұсыну құқығы да бар. Бір партия бір округ бойынша тек бір тізім ұсына алады. Бұл ретте тізімдегі әйелдер мен жастардың жиынтық үлесі кемінде 30 пайызды құрауы тиіс. Ал кандидат тек бір сайлау округі бойынша ғана ұсыныла алады.

Мәслихат депутаты болып 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған, бас бостандығынан айыру орындарында отырған, өтелмеген соттылығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысы немесе құқық бұзушылығы бойынша кінәсі сотта танылған адамдардың сайлануға құқығы жоқ.

Кандидаттар үшін ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшеріне, яғни 425 мың теңгеге тең сайлау жарнасы белгіленген. Бұл жарна партия кемінде 5% дауыс жинаған жағдайда, сондай-ақ кандидат сайланған немесе кемінде 5% дауыс алған кезде қайтарылады.

Кандидаттарды ұсыну 14-27 қазан аралығында өтті. Сайлауалды үгіт-насихат 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. 28 қараша – тыныштық күні. Дауыс беру 29 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Заңда көзделген жағдайларда аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру уақытын өзгерте алады. Сайлау қорытындылары бес күн ішінде шығарылады. Сайлауға қатысуға барлық жеті саяси партия жіберілді.

     Президент сайлауды мемлекеттік басқару жүйесін жалпы трансформациялау үдерісімен байланыстырды. Мемлекет басшысының айтуынша, сайлау білікті әрі кәсіби мәслихат депутаттарының корпусын қалыптастыруға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді. Бұл ұстаным Мемлекет басшысының мәслихаттар форумында да айтылған кәсібилендіру бағытымен үндеседі. Атап айтқанда, депутаттардың ротациясы мен жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған болатын.

Бұл тұрғыдан ой жүйелер болсақ,сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ақпараттандыру барлық арналар арқылы жүзеге асырылып жатыр. Республикалық телеарналарда ымдау тілімен сүйемелденген бейнероликтер көрсетіліп, радиода аудиороликтер берілуде. Республикалық екі газетте аптасына екі рет ақпараттық материалдар жарияланады. Ақпараттық материалдар 38 өңірлік телеарнада, 35 радиоарнада, 119 өңірлік БАҚ сайтында және 200-ге жуық өңірлік басылымда орналастырылған. Қалаларда 7 мыңға жуық сыртқы ақпараттық материал орнатылған. GOV.KZ порталында және eGov Mobile қосымшасында азаматтардың өз сайлау учаскесін анықтауына арналған сервис жұмыс істейді. 19 қарашада SMS-шақырулар, 23 қарашада push-хабарламалар жіберілді. Ал 25 қарашада банк қосымшалары арқылы хабарламалар жолдау жоспарланған. Орталық сайлау комиссиясының сайтында «Sailau AI» жасанды интеллект көмекшісі қолжетімді. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері азаматтарға жеке шақыру қағаздарын табыстап, өңірлерде байланыс орталықтары жұмыс істеп жатыр.

 

1. Сайлауға қатысу қазақстандықтарға өңір, аудан және қала мәселелерін шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді

Сайлау билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Мәслихаттар жергілікті бюджеттерді бекітіп, өңірлердің дамуын бақылайды. Депутаттардың жауапкершілігін арттыру мәслихаттардың кәсібилігі мен тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Жаңартылған мәслихаттар азаматтардың жергілікті жердегі әл-ауқатын жақсарту мәселелерімен белсенді айналысатын білікті депутаттар корпусына айналуы тиіс.

Сайлаушылардың нақты таңдау мүмкіндігі бар. Бүгінде 11 мыңға жуық кандидат тіркелген, сайлауға жеті саяси партия қатысуға жіберілді. Сонымен қатар азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға қатыса алады. Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау кезінде азаматтар партиялық тізімге де, нақты кандидатқа да дауыс береді.

Сайлауға қатысу мүмкіндігі барынша қолжетімді әрі ыңғайлы бола түсті. Азаматтар өз сайлау учаскесін онлайн анықтап, байланыс орталығы арқылы қажетті ақпарат ала алады. Сайлау материалдарымен ана тілінде және ымдау тілі арқылы танысуға мүмкіндік бар. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Науқанның барлық кезеңі байқаушылар үшін ашық.

Мәслихат сайлауы қоғам мен мемлекет арасындағы кері байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Ол азаматтарға өкілді органдарды қалыптастыруға қатысуға, бастамалар көтеруге, өз елді мекендерінің мүдделерін қорғауға және сайланған депутаттардан нақты нәтиже талап етуге мүмкіндік береді. Кандидаттар мен партиялар арасындағы бәсекелестік пікір алуандығын қалыптастырып, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеруге жол ашады. Сайлаудың маңызды нәтижелерінің бірі – биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Сайлаушылардың қолдауына ие болған депутаттар азаматтардың мүдделерін білдіріп қана қоймай, өз жұмыстары туралы тұрақты түрде есеп беруге, халықтың өтініштеріне ден қоюға және өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға тиіс.

Мәслихат сайлауы – өкілді демократия мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызды тетігі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәслихат сайлауы-жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызды тетігі
  • Әскерге бару – азаматтық борыш
  • Сколько времени займет строительство АЭС?
  • АТА ЗАҢ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
  • ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ – ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН МІНДЕТТЕР