МАЛ ҚЫСТАТУ - ЖАУАПТЫ НАУҚАН

d48efe3c-ff64-477a-aa6f-b585245cf5fd.jpg

        «Қыс қатал сыншы» болса, мал қыстату науқаны өте маңызды. Жауапкершілігі жоғары науқанда мал өсірумен айналысатын шаруашылық иелері арқаны кеңге созып, жайбарақат жүруге әсте болмайды.

Жылдың төрт мезгілінде де ат үстінде жүрген малшылар қауымының жұмысы қыс айларында күрделене түсетіні бәрімізге мәлім.  

   Аграрлы ауданымыздың негізгі саласының бірі мал шаруашылығы. Төрт түлігін түлеткен өңірімізде мал өсірумен тұрақты айналысатын ірілі – ұсақты бірқатар шаруашылықтар  болса, аудан көлемінде 115 бас түйе, 31897 бас жылқы, 117270 бас ірі қара және 106439 бас қой – ешкі бар.

   Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары барысында 40 000 тонна шөп, 26 000 тонна жем, 60 000 тонна сүрлем және 27 000 сабан дайындалған.

    Мал қыстату науқаны аудан басшысының тікелей назарында тұрғандықтан аудандық ауыл шаруашылық мамандары бұл жұмысты үнемі бақылауға алып отыр.

   Осы аптаның сәрсенбісі күні Ақдала ауылдық округіне қарасты «Ерлан» шаруа қожа-лығына арнайы барып қайттық.

    Аталмыш шаруашылыққа атбасын бұрғанымызда шаруа-шылықтың төрағасы Бейбіт Бегімжанов үлкен ағасы Әнуар-мен шаруашылықтың болашағы жайында әңгіме өрбітіп тұр екен.     Ол алыстан ат терлетіп келген газет тілшісін көргенде жауапты һәм күрделі науқанды қалай еңсеріп жатқаны жөнінде баяндай жөнелді.

    Бейбіттің айтуынша қысқы мал азығын дайындау жұмыс-тарын жүйелі жүргізіп, жаз айларында 80 тонна жем, 80 орама жоңышқа шөбін және 70 орама табиғи шөптер дайындап алған.

    Мал қыстату науқанына ерте қамданған шаруашылықта қысқы мал азығы жеткілікті екен.  

  Тынымсыз еңбектің толағай жемісін көріп отырған ша-руашылық төрағасы көмекші шопанның отбасы жайдайына байланысты сұранып кеткен және оларға барлық қажетті жағдайды жасап отырғанын тілге тиек етті.

  Әңгіме барысында Бейбіт Әліпбайұлы «Ерлан» ШҚ-ғы 1998  жылы Әліпбай әкесінің көзі тірісінде құрылғанын және бүгінгі таңда шаруашылығында 30 бас жылқы, 120 ірі қара және 140 бас қой - ешкі бар екенін айтты.

    Ауызбірлігі жарасқан ағ-айынды жігіттер мал қыстату, мал төлдету және қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын үнемі бірлесіп атқарады. 

    Бейбіттің әңгіме төркінінен түсінгенім, шаруашылықтың басы - қасында өзі жүргендіктен өмірлік жары Сәуле Бекжігітова да сол жерде малды ауылдың күйбең тірлігін бірге атқарады.

   Қашанда қазақ амандасқанда «Мал жан аман ба?» деп сұрайды. Бірінші малды алға қоятын халық төрт түлік өлім-жітімнен аман болса, жан да аман болады дегенді білдірсе керек. 

   Төрт түлік мал өсірумен айналысатын шаруалар жылдың төрт мезгілінде де тыным таппай еңбек ететіндерін жақсы білеміз.   

   Сондықтан да бұл жауапты істе қысқы мал азығын үнемдей білген жөн.

    Биылғы қыс қарсыз өтіп жатқандықтан әзірше жер қара. Шұрайлы жерлердің жүйгін шөбі сол қалпында тұрғандықтан төрт түлік емін - еркін өрісте оттығып жүр. Табиғаттың бұл құбылысын көктем шығып кетті деуге болмайды. Қыс қаталдығын танытса бірақ күнде қиындық туғызады.

Осындайда «Қыстай берсе қыспай берсін» - деген қанатты сөз тіл ұшына орала береді екен.

                                       Бақтығали ДӘУІТБАЙ, "Балқаш өңірі".

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МАЛ ҚЫСТАТУ - ЖАУАПТЫ НАУҚАН
  • ТЕАТРДА ШЫҢДАЛҒАН ТАЛАНТ ИЕСІ
  • ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
  • Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқы
  • Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институто