«Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр

1.png

Президент:


«Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр.


Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция

 тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.


Соның ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Стратегиялық маңызы бар 

бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды. Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін

 нығайта түседі.


Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.


Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді-мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы

 уақытта жалғаса береді.


Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады. Облыстың әуе және темір жол 

жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды.


Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, 

аймақтағы 10 темір жол бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін 

арттыра түседі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды