«Сонымен қатар Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды.

55.png

Президент: 


«Сонымен қатар Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды. Кезінде 

терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы 

олқылықты да түзеуіміз керек. 


Бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады.


Тағы бір маңызды мәселе. біз Ата заңның преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтап,

 қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек. 


Онда қазақ жеріндегі өркениет пен мемлекеттіліктің тарихы терең екені нақты көрініс табуға тиіс. 

Сол арқылы біз Қазақстанның Ұлы даладағы ұлы мемлекеттердің мұрагері екенін паш етуіміз керек. 


Бұдан бөлек, Конституциямызға «Біз бәріміз Әділетті Қазақстанды ең жоғары мақсат ретінде көздейміз

 және оған жетеміз» деген қағидатты енгізуіміз керек».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып жеделхаттар жолдады
  • ЧП в Актау: оперативная реакция на чрезвычайную ситуацию
  • Глава государства выступил на инвестиционном форуме «Казахстан – Китай»
  • Қазақстан Бас прокуратурасы
  • Правительственная комиссия расследует обстоятельства гибели военнослужащих в Мангистауской области