БҰРЫНҒЫ КЕТКЕН ОЛҚЫЛЫҚТАР ТҮЗЕТІЛЕТІНІНЕ ҚУАНЫШТЫМЫЗ!

араа.png

Ғалия Әліпбаева, Балқаш аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.

 

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны  (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлығы Конституциямыздағы бұрынғы кеткен олқылықтардың орнын толтыратыны анық. Бұл турасында аталмыш Жарлықта кеңінен қамтылған.

     Өзінің өзектілігімен тарих бетінде қалатын Жарлықта Президентіміз: «Сонымен қатар Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары 

анықталды. Кезінде терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы олқылықты да түзеуіміз керек. Бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады. Тағы бір маңызды мәселе. біз Ата заңның преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтап, қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек. Онда қазақ жеріндегі өркениет пен мемлекеттіліктің тарихы терең екені нақты көрініс табуға тиіс. Сол арқылы біз Қазақстанның Ұлы даладағы ұлы мемлекеттердің мұрагері екенін паш етуіміз керек. Бұдан бөлек, Конституциямызға «Біз бәріміз Әділетті Қазақстанды ең жоғары мақсат ретінде 

көздейміз және оған жетеміз» деген қағидатты енгізуіміз керек» - деді.

     Мемлекет басшысының жоғарыдағы айтқан осы олқылықтардың орнын толтыратын уақыт келді деп есептеймін. Бұл бастаманы аналар қауымы да 

қызу қолдайды. Өйткені бұл қадам дер кезінде жасалынған әрекет деп санаймыз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды