Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады

 

уу.png

Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Комиссия жұмысы қоғамның заманауи сұраныстарына жауап беретін Ата заңды дайындауға бағытталғанын атап өтті. Ол «AMANAT» партиясы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып отырғанын және Президент бастамаларын қолдайтынын айтты.

Депутаттың айтуынша, Комиссия ашықтық қағидаттары мен барлық саяси партиялардың пікірін ескеру негізінде жұмыс істеуде, ал конституциялық өзгерістер институционалдық тұрғыдан мықты Парламент қалыптастыруға бағытталған.

«Бүгінгі таңда біз қолданыстағы негізгі заңға түзетулер енгізу бойынша ғана емес, Әділетті Қазақстанның сұраныстарына жауап беретін жаңа Конституцияны іс жүзінде қалыптастырып жатырмыз. Бұл, күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатына негізделген, билік архитектурасын жүйелі түрде қайта құру деген сөз», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Ол бір палаталы Парламентке көшу заң шығару ісін жеделдетіп, саяси партиялардың рөлін күшейтетініне әрі депутаттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыратынына назар аударды.

«Барлық заңдар бір Парламентте үш оқылымнан өтеді: алғашқы екеуі – ашық түрде, үшіншісі – Конституция мен ұлттық заңнамаға сәйкестігін тексеру үшін. Бұл лоббистік ықпал мен жеке мүдделердің араласуын толықтай жоққа шығарады», – деп атап өтті депутат.

Бейсенбаев сондай-ақ пропорционалды сайлау жүйесінің және партияішілік праймериздің маңызын айтты. Оның сөзінше, бұл тетіктер сайлаушылар мен Парламент құрамы арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді, оның ішінде жеке азаматтардың өкілдері де болады.

«Пропорционалды жүйе сайлаушы мен Парламент арасындағы тікелей байланысты білдіреді. Партия әрбір дауыс үшін күреседі, оның ішінде тәуелсіз азаматтың дауысы да бар, бұл қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейтеді», – деді депутат.

Сонымен қатар, отырыс барысында некені ер мен әйелдің одағы ретінде бекіту туралы, Конституцияның преамбуласын «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына басымдық бере отырып жаңарту, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғауды күшейту жөніндегі түзетулер ұсынылды.

«Болашақ Парламентті Құрылтай деп атау – тарихи әрі қазіргі заман үшін маңызды. Бұл дәстүрмен, ұлттық рухпен және халық алдындағы жауапкершілікпен сабақтастықты білдіреді», – деп сөзін түйіндеді Елнұр Бейсенбаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Еңбек бостандығының» орнына «еңбекке құқық» – белгілі заңгер Конституцияға өзгерістер туралы пікір
  • «Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию
  • Конституциялық реформа аясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығының кепілдіктері
  • Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады
  • Елнур Бейсенбаев: Конституционная реформа пвоысит институциональную роль политических партий