Ұсынылып отырған конституциялық реформа – Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған

jhjh.png

Ұсынылып отырған конституциялық реформа – Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі уақтылы қадам. Негізгі заң мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізілуі мемлекеттің даму бағытын қайта қарап, құқықтық жүйені заман талабына сай бейімдеуге мүмкіндік береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерінің күшеюі, азаматтық қоғамның рөлінің артуы және басқару жүйесінің жетілдірілуі қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты нығайта түседі. Сонымен қатар, Конституциялық соттың өкілеттіктерін кеңейту құқық үстемдігін қамтамасыз етудің тиімді тетігі болмақ. Бұл реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттырып, халықтың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтуге жол ашады. Сондықтан аталған өзгерістер Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамуына берік негіз қалайды деп сенемін.

Балқаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Б.Сқабаев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Глава государства ознакомился с проектами в сфере искусственного интеллекта и цифровизации*
  • *Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты*
  • Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!
  • Қарттар елдің қазынасы
  • Қарттарға құрмет көрсетті