Қазақстан Конституциясының Преамбуласын толық жаңарту туралы ұсыныс – елдің қазіргі даму кезеңіне са

mnj.png

Қазақстан Конституциясының Преамбуласын толық жаңарту туралы ұсыныс – елдің қазіргі даму кезеңіне сай келетін маңызды әрі мәнді қадам. Преамбулада мемлекеттің миссиясы, негізгі құндылықтары мен қоғам дамуының бағыт-бағдары айқындалатындықтан, оны жаңа ұлттық құндылықтар мен заманауи сын-қатерлерді ескере отырып қайта қарау орынды деп санаймын. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекіту – демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолындағы басты қағида. Сонымен қатар, мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимыл нормаларын жетілдіру қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал етеді. Жалпы алғанда, Преамбуланың жаңа редакциясы Қазақстанның тарихи сабақтастығын сақтай отырып, болашаққа бағытталған стратегиялық дамуын айқындайды және Конституцияның идеологиялық әрі құқықтық маңызын күшейтеді деп есептеймін.

Балқаш ауданының қоғам белсендісі – Ғ.Жусупова


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка*
  • *Мемлекет басшысы бала өмірін сақтап қалған дәрігерлердің қажырлы еңбегін үлгі етті*
  • *Время диагностики сократилось в четыре раза, административные издержки до 40% – Глава государства о
  • *Диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды, әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді – Мемлек
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ