Ұсынылып отырған конституциялық түзетулерді реформалардың көрінісі деп бағалауға болады.

шрншглг.png

Ұсынылып отырған конституциялық түзетулер Қазақстанда адам құқығы мен адам қадірін мемлекеттің 

ең жоғары құндылығы ретінде бекітуге бағытталған жүйелі әрі терең реформалардың көрінісі деп

 бағалауға болады. «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп қайта аталған бөлімнің 

мазмұндық тұрғыдан күшеюі мемлекет дамуының адамға бағдарланған жаңа философиясын айқын

 көрсетеді.


Адам өміріне абсолютті құқықты бекіту, жеке тұлғаның қолсұғылмаушылығын нығайту, «Миранда 

ережелерін» енгізу, цифрлық дәуірдегі дербес деректерді қорғау сияқты нормалар азаматтардың

 құқықтық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды кепілдер болып табылады. Бұл – құқық қорғау

 және сот жүйесінде әділеттілік пен құқықтық айқындықты қамтамасыз етудің нақты қадамдары.


Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндіктің жаңа мазмұнда бекітілуі, зияткерлік меншік құқықтарын

 қорғауға ерекше мән берілуі – еркін ойлайтын, жауапты әрі белсенді тұлғаны қалыптастыруға жол 

ашады. Мұндай тәсіл демократиялық және құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі екені сөзсіз.


Сонымен қатар, неке мен отбасы құндылықтарын конституциялық деңгейде күшейту, қоршаған ортаны

 қорғау міндетін нақтылау – қоғамның рухани-әлеуметтік негіздерін сақтауға және болашақ ұрпақ

 алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.


«Әділет соты. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» бөліміндегі өзгерістер сот билігінің тәуелсіздігін 

нығайтып, судьялардың кәсіби және кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Адвокатураның 

құқықтық мәртебесін Конституцияда бекіту де азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтетін оң

 жаңалық.


Жалпы алғанда, ұсынылып отырған түзетулер адам құқықтарын қорғауды, отбасы құндылықтарын

 нығайтуды және әділ сот жүйесін қалыптастыруды көздейтін, заман талабына сай әрі халықаралық озық 

тәжірибеге негізделген маңызды реформалар деп санаймын.

Балқаш аудандық аналар кеңесінің мүшесі - Б.Тұрсынбаева


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Норма об унитарности государства
  • Мемлекеттін біртұтастығы
  • Ұсынылып отырған конституциялық түзетулерді реформалардың көрінісі деп бағалауға болады.
  • Елдің экономикалық дамуына жаңа серпін беруді көздейтін қадам
  • Маңызды қадам деп бағалауға болады.