
Ата Заң – мемлекеттің құқықтық іргетасы. Сондықтан оны жаңарту мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның белсенді қатысуымен, ашық әрі жария түрде талқылануы маңызды. Конституциялық комиссия алаңы осындай кең пікір ал-масуға мүмкіндік беріп отыр.
Ал, жаңа Конституцияны талқылау – азаматтардың құ-қықтары мен бостандықтарын одан әрі күшейтуге, билік тар-мақтары арасындағы тепе-теңдікті нақтылауға және құқық үстемдігін нығайтуға бағытталуы тиіс. Бұл бастама халық пен мемлекет арасындағы сенімді арттырып, демокра-тиялық институттардың дамуына серпін береді
Қоғамдық келісім мен заң үстемдігіне негізделген жаңа Ата Заң еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады деп сенеміз.
Мейрамбек ҚАНТБЕКОВ, Ауған соғысының ардагері.


