
Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформалар елдің құқықтық және саяси жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Конституция мәтінінің басым бөлігіне өзгерістер енгізілуі мен Преамбуланың толықтай жа-ңартылуы мемлекеттің құн-дылықтық негіздерін қайта қарап, қазіргі заман талаптарына сай бейімдеуге мүмкіндік береді. Жаңартылған Преамбулада адам және оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалып, Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құ-қықтық әрі әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нығая түседі.
Бұл қағидалар қоғам дамуының басты бағытын белгілеп, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сонымен қа-тар, мемлекеттік билікті ұйым-дастырудың жаңа тәсілдері, азаматтардың басқару про-цесіне қатысу тетіктерінің кеңеюі және мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимыл нормаларының нақтылануы қоғамдық келісім мен тұрақ-тылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жалпы алғанда, бұл реформалар Қазақстанның болашақ дамуына берік құ-қықтық негіз қалайды деп санаймын.
Мәди ТҰРАР, аудандық Орталық аурухананың эндокринолог дәрігері


