Коалиция өкілдері орман шаруашылығы ұжымымен жүздесті

ju.png;,.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Бақанас ауылындағы орман шаруашылығы еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

 

Кездесуде коалиция өкілдері 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшеліктерін баяндады. Атап айтқанда, адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуі, әлеуметтік кепілдіктердің толық сақталуы, еңбек құқықтарының қорғалуы, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту және жердің халыққа тиесілі екендігі.

 

«Жаңа Конституция – тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Бұл заң жобасы жарты жыл бойы сарапшылар мен қарапайым азаматтардың қатысуымен талқыланды. Енді сөз кезегі халықта», – деді коалиция мүшесі Самат Рахишов.

 

Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді. Ұжым өкілдері кездесу үшін алғыс айтып, алдағы референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальное заявление партии «Адилет”
  • “Заң мен тәртіп”
  • ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ
  • Храбрая дочь казахского народа: 101 год со дня рождения Алии Молдагуловой
  • Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл