Бүкіл халықтың тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

image.png

Бақбақты ауылында қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Конституция — бұл мемлекеттің ғана емес, бүкіл халықтың тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты — азаматтарға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және заң үстемдігін нығайту болды. Жиын барысында сөз алған қоғамдық ұйым жетекшілері мен белсенділер Конституцияның ел өміріндегі рөліне тоқталып, оның тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығының басты кепілі екенін атап өтті. Қатысушылар Ата Заңда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуы және заң талаптарын сақтау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті күшейту және Конституциялық құндылықтарды насихаттау бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды. Пікір алмасу форматында өткен басқосу ашық әрі мазмұнды диалог алаңына айналды. Іс-шара соңында қатысушылар Конституция қағидаттарын сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, құқықтық мемлекет құру жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты
  • «Наша страна уделяет особое внимание качественному образованию и всесторонней поддержке одаренных де
  • Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатын
  • Глава государства принял участие в церемонии открытия Международной олимпиады по искусственному инте
  • Еліміз үшін маңызды