Коалиция мүшелері Бақанас ауылының тұрғындарымен кездесті

ла.png

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері

 Балқаш ауданындағы Бақанас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция 

жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі,

 партия мүшелігіне шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі 

мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Марат Нұраұлы реформаның мәнін кеңінен тарқатты.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға

 сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, 

ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін 

нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. 

Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.

Тұрғындар референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Коалиция мүшелері Бақанас ауылының тұрғындарымен кездесті
  • Жастардың психологиялық саулығын қорғау – ортақ міндет
  • «Құқықтық мемлекет: болашақ жастар көзімен»
  • Референдум – халық еркінің көрінісі
  • КӘСІПКЕР ДАУЫСЫ-ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕС