Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен кең форматта кездесті

рк.pngпе.png

пе.png

Балқаш ауданындағы Миялы елді мекенінде өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері мен

 мазмұны туралы кеңінен ақпарат берілді.


Коалиция мүшелері жоба кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия жұмыс

 істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс қаралғанын айтты.


Коалиция мүшесі Галымбек Абдукулов қоғамдық талқылаудың маңызын ерекше атап өтті.


«Бұл құжат тар шеңберде дайындалған жоқ. Ұсыныстар арнайы порталдар арқылы қабылданып, комиссия 

отырыстарында қаралды. Әрбір бап сарапшылар сүзгісінен өтті. Сондықтан жаңа Конституция – қоғамның кең 

қатысуымен қалыптасқан құқықтық келісім. 15 наурыздағы референдум – сол келісімді халықтың тікелей бекіту 

кезеңі», – деді ол.


Тұрғындар референдумға қатысу – азаматтық жауапкершілік екенін атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Коалиция өкілдері медицина қызметкерлерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
  • Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен кең форматта кездесті
  • Алматы облысы: Заңсыз онлайн-казино қызметінен 427 млн теңге мемлекетке өндірілді
  • «Конституция усиливает полномочия Президента»
  • «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»