жәрмеңкенің ұйымдастырылуына оң бағаларын берді

090f06dd-0457-4c32-8f3a-7b979e9c91ce.jpg

    Бақанас ауылдық округінде референдум күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар учаскелерде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкелер жергілікті тұрғындарды қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталды.

    Жәрмеңкеге округтегі шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер қатысып, ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, нан-тоқаш өнімдері және басқа да азық-түлік түрлерін ұсынды. Өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағада сатылып, тұрғындардың қызығушылығын тудырды.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар референдумға келген азаматтарға қосымша мүмкіндік жасап қана қоймай, жергілікті өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді.

    Тұрғындар өз кезегінде дауыс берумен қатар, қажетті азық-түліктерін тиімді бағамен сатып алып, жәрмеңкенің ұйымдастырылуына оң бағаларын берді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Более 10 тысяч рабочих мест и надежная энергия: ключевые преимущества строительства АЭС
  • 10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықта
  • Президент подписал закон, направленный на усиление правовой защиты педагогов и совершенствование обр
  • «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» — ЗАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
  • БОРАЛДАЙДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ