Өтеген батыр ауылдық округіндегі референдум барысы

Өтеген батыр ауылдық округіндегі референдум барысы

Өтеген батыр ауылдық округі екі ауылдан және бірнеше ықшам аудандардан тұрады. Округ құрамына Өтеген батыр ауылы мен Кенен Әзірбаев ауылы, сондай-ақ Қуат және Арман ықшам аудандары мен бірнеше саяжай алқаптары кіреді.
Өтеген батыр ауылдық округі – Іле ауданындағы маңызды орталықтардың бірі. Округ аумағында өтетін республикалық референдумға 19 референдум учаскесі қатысуда. Жалпы саны 26 924 дауыс беруге құқығы бар азамат өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытуға мүмкіндік алды.
Таңертеңнен бастап округ тұрғындары референдум учаскелеріне келіп, белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Учаскелерде дауыс беру процесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Өтеген батыр ауылдық округі – өнеркәсібі дамыған, түрлі ұлт өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүріп жатқан берекелі мекен. Округ тұрғындары елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Жалпы, референдум учаскелерінде дауыс беру жұмыстары қалыпты жағдайда өтуде, тұрғындар өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЧП в Актау: оперативная реакция на чрезвычайную ситуацию
  • Глава государства выступил на инвестиционном форуме «Казахстан – Китай»
  • Қазақстан Бас прокуратурасы
  • Правительственная комиссия расследует обстоятельства гибели военнослужащих в Мангистауской области
  • Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде