Ұлы дала батырлары мен мергендері

ан.png20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Қарой ауылдық кітапханасында «Ұлы дала мергендері: кітап пен садақ үндестігі» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде садақ атуды насихаттау, жас ұрпаққа ата-бабамыздың мергендік өнерін таныстыру және кітап арқылы тарихи танымын кеңейту. Оқырмандарға Ұлы дала батырлары мен мергендері туралы мәліметтер беріліп, қызықты деректер айтылды.Сонымен қатар "Үлгілі" орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жүнісбекова Индира Айтбайқызы қатысушыларға садақ атқызу тәсілдерін көрсетіп, тәжірибелік түрде садақ атқызып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Оқырмандар ұлттық құндылықтардың маңыздылығы туралы пікір алмасып, танымдық сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, сыйлықтар табысталды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті