ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫСЫ – ҚАУІПСІЗДІК НАЗАРДА

image.png

Көктемгі демалыс – оқушылар үшін асыға күтетін, сергек демалып, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін ерекше

 кезең. Алайда дәл осы уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.

         Осыған орай, ағымдағы жылдың 20–28 наурыз аралығында республика көлемінде «Демалыс» жедел алдын алу 

іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың 

бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.

         Тәжірибе көрсеткендей, демалыс уақытында балалардың қараусыз қалуы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.

 Атап айтқанда, кешкі уақытта себепсіз көшеде жүру, жол қозғалысы ережелерін сақтамау, интернет кеңістігіндегі қауіптер, сондай-ақ зиянды әдеттерге бейімділік – бүгінгі күннің өзекті мәселелері.

          Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізеді.

 Көңіл көтеру орындары, ойын-сауық орталықтары, компьютерлік клубтар мен көшелерде жасөспірімдердің түнгі 

уақытта заңсыз жүру деректері анықталып, тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, профилактикалық әңгімелер

 өткізіліп, оқушыларға құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.

          Бұл бағыттағы жұмыстар тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Ең алдымен, әрбір ата-ана өз баласының 

қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Баланың қайда жүргенін, кіммен араласатынын бақылау, бос уақытын тиімді 

ұйымдастыру – құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.

          Сонымен қатар, қоғам болып балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауымыз қажет. Себебі әрбір бала – елдің 

болашағы. Олардың амандығы мен жарқын келешегі бүгінгі біздің жауапкершілігімізге тікелей байланысты.

          Қорыта айтқанда, көктемгі демалыс – тек демалыс емес, ол – қауіпсіздік пен жауапкершілік кезеңі. «Демалыс»

 жедел алдын алу іс-шарасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. 

Барша ата-аналарды, ұстаздарды және қоғам өкілдерін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді 

атсалысуға шақырамыз.       

          Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!


     Балқаш аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының испекторы полиция капитаны А.Б.Ибабаева


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫСЫ – ҚАУІПСІЗДІК НАЗАРДА
  • Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі
  • “Тазалыққа тағзым” атты тазалық акциясы өтті.
  • Тазалыққа тағзым”