«Orda.kz» баспа үйінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанның Алтын кітабы» республикалық энциклопедиялық жинағына ауданымыздан еңбегімен елге танылған, қоғам дамуына үлес қосқан азаматтарды енгізу бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлаймыз.
Аталған жинаққа білім, медицина, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт және өзге де салаларда жетістікке жеткен, абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар ұсынылады.
Осыған орай, Сіздерді лайықты кандидаттарды ұсынуға шақырамыз. Ұсынылатын азаматтар туралы мәліметтерді (аты-жөні, атқаратын қызметі, жетістіктері, байланыс нөмірі) жинақтап, төменде көрсетілген байланыс деректері арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Байланыс телефоны: 87085101263
Электрондық пошта: idorda@internet.ru
Ұсыныстарыңыз ауданның абыройын арттырып, елге еңбегі сіңген азаматтарды насихаттауға мүмкіндік береді.


