Тұрғындар назарына!

Тегін медициналық көмек көрсету және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың айырмашылықтары

e14e29c6-9f85-4f2e-8450-09b37ffabbc3.jpg

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру медициналық көмек пакеттеріне және оны көрсету тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енгізілген болатын, атап өтсек:

    1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тек мемлекеттік емханаларда ғана емделуге болады деп ойлайтындар бар.

Шын мәнінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтерді мемлекеттік ұйымдармен бірге, Қормен келісімшарт жасасқан жеке клиникаларда да алуға болады.

    2. Кейбір азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын тағы бір салық түрі деп есептейді.

Жоқ, МӘМС - бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама. Ол емделуге кететін шығындарды азайтуға көмектеседі.

    3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тегін медицинаны алмастырады.

МӘМС жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алмастырмайды, оны толықтырады. Әр пакеттің өз қызметтер тізімі бар.

    4. МӘМС үшін төлемесеңіз, жедел жәрдем шақыра алмайсыз.

Жоқ, жедел медициналық көмек, оның ішінде жедел жәрдем шақыру тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Бұл үшін сақтандырылған мәртебесі қажет емес.

    5. МӘМС арқылы тек арзан анализдер ғана тапсыруға болады деп ойлайды пациенттер.

МӘМС аясында тек базалық емес, қымбат зерттеулерді де тапсыруға болады. Сондай-ақ дәрігердің тағайындауымен толық диагностикадан өтуге мүмкіндік бар.

    Егер сіз ресми түрде жұмыс істемесеңіз және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, мәртебені бір жылға қалай ала аласыз?

    Бұрын жүйеде «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін.

    Ал қазір МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылдың қарызын өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады.

     Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Есіңізде болсын: әр ай үшін 4250 теңгеден (2026 жылы осы көлемде қалады) жеке-жеке төленуі тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате болып саналады, сондықтан мәртебе берілмейді.

Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз.

Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.

Данияр НҰРМАНОВ, Балқаш ауданы әкімінің орынбасары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тұрғындар назарына!
  • 95 лет и новое сердце: уникальная операция без разреза спасла жизнь пациентке 1931 года рождения
  • 95 жаста – жаңа өмір: кесусіз жасалған күрделі операция науқастың өмірін сақтап қалды
  • 30 марта - Международный день без отходов
  • 30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн