«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

   73e997be-b883-43c7-a919-3059675b2b4a.jpg  73e997be-b883-43c7-a919-3059675b2b4a.jpg

 «Таза Қазақстан» - экологиялық акциясы елміздің барлық аймақтарында өз жалғасын табуда.

Еліміздің табиғаты мен қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында қолға алынған республикалық акция аясында ауыл көшелері, саябақтар, өзен-көлдердің жағалаулары тазаланды.   

 fd470d0a-567d-4682-a258-776383ca68f9.jpg

Аталмыш акцияны жүзеге асыру мақсатында осы аптаның сәрсенбісі күні аудан орталығында сенбілік ұйымдастырылып, іс-шараға  аудандық мекеме – ұйымдардың қызметкерлері, жастар қауымы, ауыл тұрғындары белсенді атсалысып, ауыл тұрғындарының бау-бақша суғаруға арналған арықтардың табаны қоқыстан, қураған шөптерден тазартылып, үйінді қоқыстар жүк көліктерге тиеліп, қоқыс төгуге арналған орындарға шығарылды. 

 Иә бұл «Таза Қазақстан» акциясы - біздің туған жерімізге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталған бағдарлама.

Сондықтанда барша аудан тұрғындары туып-өскен өлкесінің тазалығын бірге сақтап, тазаланған жерлердің қайта ластанбауына атсалысайық.

                                                                  Өз тілшімізден.

  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті