Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді

1d4356c6-97b3-49da-8f37-39f3c6cf5e97.jpeg

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 68 құқықбұзушылық дерегі анықталды. Оның 30-ы қылмыс ретінде тіркелсе, 38-і қылмыстық теріс қылық санатына жатқызылған. 

Бұл туралы Өңірлік комуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында  Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дастан Жексенбеков хабарлады.

Спикердің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі заттарын өткізуге қатысты 21 факт тіркелген. Сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 2 дерегі анықталған. Бұдан бөлек, трансұлттық қылмыстық топ құрып, оны басқару фактісі бойынша 1 іс тіркелген.

Қазіргі таңда 57 қылмыстық іс сотқа жолданған. Оның ішінде 26 іс аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

«Жүргізілген кешенді шаралар нақты нәтиже беруде. Заңсыз айналымнан 46 келі 195 грамм есірткі заты тәркіленіп, екі бірдей есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды», – деді Дастан Жексенбеков.

Аймақта есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері бұл бағытта 265 іс-шара ұйымдастырылған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
  • Предвыборная кампания заговорила языком профессий: что партии предлагают тем, кто учит,.
  • Құрылтай сайлауы - ел өміріндегі маңызды күн
  • Алматы облысында құрылыс индустриясындағы еңбек мәселелері талқыланды
  • Мемлекеттік қызметте өсу және меритократия қағидаты