Шомылу маусымына дайындық күшейеді

bd358c4d-1df7-4486-989d-72c4df35e844.jpeg


Шомылу маусымына дайындық күшейеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жағажайдағы қауіпсіздік пен тәртіп, демалыс орындарының талаптарға сай болуы басты назарда болуы тиіс екенін айтты.

«Адам шығынының болмауын қатаң бақылауда ұстау керек. Көбіне адам өлімі рұқсат етілмеген аймақтарда болады. Сондықтан мұндай орындарды қадағалап, жер иелерімен де жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Шомылуға рұқсат етілген аймақтар тексеріліп, қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшалары орнатылуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, шомылу маусымына орай су түбін тазалау, санитарлық жағдайды бақылау және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау камералары жұмыс істейді. Қазіргі таңда демалыс орындарының 80 пайызы шомылу маусымына дайын. Жергілікті атқарушы орган, облыстық прокуратура, Полиция департаментімен бірігіп кешенді тексеру жұмысы жалғасады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
  • Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»
  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті